2026 жылғы 8 қазандаҚазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының Найробидегі кеңсесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықовтың Кенияның мемлекеттік органдарының, ұлттық компанияларының және іскер топтарының өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуге Кенияның Сыртқы және диаспораістер министрлігінің Саяси және дипломатиялық мәселелер жөніндегі бас директоры Джосфат Майкара, Найроби халықаралық қаржы орталығыныңатқарушыдиректоры Дэниел Маинда, Кенияның Инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігініңатқарушыдиректоры Джон Мвендва, Кенияның Сыртқы және диаспораістер министрлігінің Құқық департаментінің директоры Мартин Овуор, Кенияның Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы Темеси Мукани және Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Мустафа Рамадан қатысты.
Тараптар Қазақстан мен Кения арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылап, 2026 жылғы 19–20 мамырда Кения Республикасының Президенті Уильям Рутоның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға ерекше назар аударды.
Қазақстан мен Кения арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында екі елдің іскер топтары өкілдері арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту мен тікелей байланыстар орнатудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Кездесу сындарлы әрі достық ахуалда өтіп, тараптар екіжақты әріптестікті одан әрі дамытуға өзара мүдделі екенін растады.









