
Найроби, 2026 жылғы 5 қазан. Кения Республикасының Сыртқы және диаспора істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ-ның кеңсесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықовтың Кения Республикасының Сыртқы және диаспора істер министрлігінің Саяси және дипломатиялық мәселелер жөніндегі Бас директоры Джосфат Майкарамен және Протокол қызметі басшысының орынбасары Самсон Коэчпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан–Кения арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде Кения Республикасының Президенті У. Рутoның Қазақстан Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық іске асыру мәселелерін талқылады.
Тараптар жоғары деңгейдегі сапарларға дайындыққа, оның ішінде ұйымдастырушылық және протоколдық мәселелерге, сапар бағдарламаларына, сондай-ақ жоспарланған ресми іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударды.
Тараптар сапарды табысты дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және Қазақстан мен Кения арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін растады.









