
Ақтау қаласында Малайзияның туристік әлеуетін таныстыруға және туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған «Visit Malaysia 2026–2027: Discover, Connect and Grow!» іс-шарасы өтті.
Кездесу барысында қатысушылар Малайзияның туристік бағыттарымен, жаңа мүмкіндіктерімен және қазақстандық туристерге ұсынылатын туристік өнімдермен танысты.
Іс-шараға Малайзияның Астанадағы Елшілігінің өкілдері, AirAsia әуе компаниясының өкілдері және өңірдің туроператорлары қатысты.
Кездесу аясында туризм саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және жаңа іскерлік байланыстар орнату мәселелері талқыланды.
Іс-шара Қазақстан мен Малайзия арасындағы туристік байланыстарды одан әрі дамытуға, сондай-ақ екі елдің туристік нарықтары арасында жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етті.








