
Саяхат барысында өз құқықтарыңды білу және белгіленген талаптарды сақтау — қауіпсіз әрі жайлы демалыстың маңызды шарты.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңына сәйкес, туристің жеке басының және мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қажетті әрі дұрыс ақпарат алуға, еркін жүріп-тұруға, туристік ресурстарға қол жеткізуге және шұғыл медициналық көмек алуға құқығы бар.
Сонымен қатар турист саяхат кезінде уақытша болатын елдің немесе жердің заңдарын сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, табиғи, тарихи және мәдени мұраларды құрметтеуге, сондай-ақ келу, болу, шығу және транзит ережелерін сақтауға міндетті.
Қауіпсіздік талаптарын сақтап, саяхатты жауапкершілікпен жоспарлаңыз!








