1 / 5
2026 жылғы 19 қазанда Ақтау қаласында Маңғыстау облысының туризм басқармасы мен Түркістан облысының «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен іскерлік кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – екі өңірдің туристік әлеуетін таныстыру, өзара ынтымақтастықты дамыту және өңіраралық байланыстарды нығайту.
Кездесу барысында өңірлердің туристік мүмкіндіктері таныстырылып, туроператорлар мен қонақ үй өкілдерінің қатысуымен B2B форматында іскерлік кездесулер ұйымдастырылды.
Іс-шара екі өңір арасындағы туристік байланыстарды кеңейтуге, кәсіпкерлер арасындағы әріптестікті нығайтуға және ішкі туризмді дамытуға бағытталды.









