Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау

    Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау

    Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу кезінде өз құқықтарын қорғау мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру мақсатында Маңғыстау облысының туризм басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне көмек және кеңес алу үшін жүгіну мүмкіндігі туралы хабарлайды.

    Мемлекеттік қызметті алу барысында құқықтарыңыз бұзылған, қызмет көрсету мерзімдері сақталмаған, қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған немесе заңнамада көзделмеген құжаттар талап етілген жағдайда, тиісті көмек пен кеңес алу үшін Департаментке жүгінуге болады.

    Департамент мамандары мемлекеттік қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге жәрдем көрсетіп, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібінің сақталуы бойынша консультация береді.

    Мекенжайы: Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 71 ғимарат, 2-қабат.
    Телефондар: +7 (7292) 30-26-15, +7 (7292) 30-26-40.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының туризм басқармасы" жаңалықтары