17 қараша Ақтау қаласында өңірдің туризм саласы өкілдерінің қатысуымен Flydubai әуе компаниясының Ақтау – Дубай бағыты бойынша тікелей рейстерінің таныстырылымы өтті.
Іс-шараға әуе компанияларының өкілдері және Маңғыстау өңірінің жетекші туроператорлары мен турагенттіктері қатысты.
Шараның ашылуында Маңғыстау облысының туризм басқарма басшысының орынбасары сөз сөйлеп, жаңа әуе бағытының іске қосылуымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Басқарма өкілдері бұл бастама өңір туризмін дамытуға, тұрғындардың саяхаттау бағыттарын кеңейтуге және жайлы демалыс үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға үлкен серпін беретінін атап өтті.
Кездесу барысында Flydubai, Emirates әуе компанияларының өкілдері қатысушыларға жаңа рейстердің кестесін, борттағы қызмет түрлерін, тиімді арнайы ұсыныстарды, сондай-ақ Дубай арқылы әлемнің өзге де танымал демалыс орындарына транзиттік ұшу мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі таныстырылып, көптеген сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.
Аталған бағыттың ашылуы - өңірде халықаралық әуе қатынастарын кеңейтуге, туристік әлеуетін арттыруға және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға оң ықпал етіп, жаңа мүмкіндіктер береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









