
29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисеновтің төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне арналған жиын өтті.
Жиынға Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ қарасты мекеме басшылары қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту, азаматтармен қарым-қатынас мәдениетін арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметке деген қоғамның сенімін арттыруға бағытталды.








