2026 жылғы 20 қарашада Ақтөбе облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінде Департамент басшысы Қонжар Әнуарбек Жеңісұлының қатысуымен Әдеп жөніндегі уәкілдің 2026 жылғы IV тоқсанға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, деструктивті діни ағымдардың ықпалына жол бермеу, әйелдердің құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, кемсітушілік пен жыныстық қудалаудың алдын алу мәселелері қаралды.
Іс-шараға спикер ретінде:
* Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы, полиция капитаны Молдаш Нұржамал Алпысбайқызы;
* осы бөлімнің аға инспекторы, полиция майоры Муканова Әдемі Бердіеанқызы;
* «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының маманы Алтынбаев Мәди Қуанышұлы;
* «Сүйеніш бағыты» қоғамдық қорының құрылтайшысы әрі басшысы, тәжірибелі психолог, кәсіби медиатор, «Аққу» тұрмыстық зорлық-зомбылық дағдарыс орталығының директоры Байменшина Адемау Амангельдиновна қатысты.
Спикерлер өз бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









