Қала әкімі Ернат Бәзіл құрылыс нысандарындағы жұмыстардың барысын тексерді

    1 / 15

    Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қала аумағындағы бірқатар құрылыс нысанын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың қарқыны мен сапасын бақылап, олардың орындалу барысымен танысты.

    Алдымен қала басшысы «Ынтымақ» тұрғын үй алабында салынып жатқан бес қабатты, жалпы 200 пәтерге арналған бес тұрғын үйдің құрылысын тексерді. Нысанда жұмыстар жалғасып жатқанымен, бекітілген кестеден кешігу қаупі бар. Осыған байланысты қала әкімі мердігер ұйымға құрылыс қарқынын арттырып, қосымша жұмыс күшін жұмылдыру және нысандарды белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

    Одан кейін «Құлагер» шағын ауданындағы №26 тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Мұнда құрылыс жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде.

    Сондай-ақ қала әкімі жаңадан бой көтеріп жатқан 11 және 12-шағын аудандардағы жол құрылысының барысын тексерді. Аталған аумақта жаңа жолдар салумен қатар, тұрғындардың демалысы мен серуендеуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында аллея салу да жоспарланған.

    Бұдан бөлек, қала басшысы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қазіргі уақытта іргелес аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан жаңа қазандықтың жай-күйімен танысты.

    Аралау барысында Ернат Бәзіл қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын «Креативті орталық» ғимаратында да болды. Қазіргі уақытта нысанда ішкі әрлеу және аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

    Қала әкімі жауапты мамандар мен мердігер ұйымдарға құрылыс сапасына ерекше назар аударып, жұмыстарды бекітілген кестеге сәйкес жүргізуді және барлық нысандардың уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Талдықорған қаласының әкімдігі" жаңалықтары