Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар жол бойындағы қоқыс үйінділері, газ және ауыз сумен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, жер теліміне кезек мәселелерін көтерді. Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын жаңа серіктестіктің қызметін жеке тұрғын үй секторларын жинау жөнінде ұсыныс білдірді.
Қала әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеді. Әрбір сұрақ бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын тұрақты бақылауға алу тапсырылды.
- Халықпен ашық диалог орнатып, әрбір тұрғынның мәселесіне бейжай қарамау біздің басты міндетіміз. Көтерілген барлық сұрақтар бақылауда болады және кезең-кезеңімен өз шешімін табады, – деді қала әкімі Ернат Бәзіл.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









