Ернат Бәзіл қаланың қысқы маусымға дайындық барысын тексерді

    1 / 8

    Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл облыс орталығының қысқы маусымға дайындық барысын тексерді.

    Қала басшысы жолдарды қысқы күтіп-ұстауға жауапты мекемелердің жұмысымен танысып, арнайы техникалардың жай-күйін, қажетті құрал-жабдықтардың және жұмысшыларға арналған арнайы киімдердің дайындығын қарап шықты.

    – Қысқы кезеңде автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі. Сондықтан арнайы техникалардың, қажетті материалдардың және жұмысшылардың дайындығы талапқа сай болуы тиіс. Қар жауған және көктайғақ болған жағдайда тиісті жұмыстар жедел ұйымдастырылып, тұрғындарға қолайсыздық туындамауы қажет, – деді Ернат Бәзіл.

    Қала аумағында жолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында төрт қызмет көрсету аймағы белгіленген. Жауапты мекемелер қаланың орталық, солтүстік, оңтүстік, шығыс және батыс бөліктерімен қатар, қала маңындағы елді мекендер мен саяжай алқаптарына да қызмет көрсетеді.

    Жалпы күтіп-ұстауға жататын жолдардың ұзындығы 331,8 шақырымды құрайды. Қызмет көрсету аумағына 225 көше, 84 жаяу жүргіншілер жолы және 213 аялдама кіреді. Оның 21-і – «Смарт» аялдамалар.

    Қазіргі уақытта қысқы маусымда жолдарды күтіп-ұстау үшін 123 бірлік арнайы техника дайындалуда. Сонымен қатар көктайғақтың алдын алу мақсатында 4 350 тонна құм мен 1 450 тонна тұз қорын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Талдықорған қаласының әкімдігі" жаңалықтары