Байқоңыр ауданының прокуратурасымен бірлесіп, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кездесуге «Мемсараптама» РМК, Астана қаласының бейінді басқармалары мен департаменттері, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, Astana Invest, коммуналдық ұйымдардың өкілдері және инвесторлар қатысты.
Кеңес барысында екі инвестициялық жобаны іске асыруға қатысты мәселелер қаралды. Атап айтқанда, «Kazak Protein» ЖШС-нің Астанада дәнді және бұршақ дақылдарын терең өңдейтін интеграцияланған агроөнеркәсіптік кешен салу жобасының іске асырылу барысы талқыланды.
Сондай-ақ «Аламан-НС» ЖШС-не қатысты мәселе көтерілді. Өндірістік базаны бұзу туралы атқарушылық іс жүргізудің қайта басталуы кәсіпорынның қызметіне және инвестициялық жобаның іске асырылуына қауіп төндіріп отыр.
Кездесу барысында инвесторлардың мәселелері тыңдалып, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп оларды шешу жолдары талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша екі мәселе де Палатаның бақылауына алынды. Туындаған кедергілерді жою және инвестициялық жобалардың іске асырылуына қолдау көрсету бағытындағы жұмыс прокуратурамен және мемлекеттік органдармен бірлесіп жалғасатын болады.
https://www.instagram.com/reel/DfmgWaDRmxN/?xtok=MXEyNGJxcGYwb29oaQ==
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









