Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
Жұмыссыз ретінде тіркелу мен жұмыс іздеуші ретінде тіркелу – екі бөлек ұғым. Жұмыссыз мәртебесі, негізінен, тұрақты жұмысы мен табысы жоқ азаматтарға беріледі. Ал тұрақты төлем алып отырған кейбір азаматтар жұмыссыз ретінде емес, жұмыс іздеуші ретінде тіркеле алады.
Мәселен, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алатын азаматтар мен арнайы әлеуметтік төлем алушылар осы санатқа жатады. Бұл – тек тіркелу мәртебесіне қатысты айырмашылық. Ең бастысы, олардың жұмыс іздеу құқығы шектелмейді.
Олар бұрынғыдай Мансап орталықтарына жүгініп, бос жұмыс орындары туралы ақпарат ала алады және өз біліктілігі мен тәжірибесіне сай жұмыс табуға көмек ала алады.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









