Мойынты кентінде көпбалалы анаға «Күміс алқа» табысталды

    Мойынты кентінде көпбалалы анаға «Күміс алқа» табысталды

    Мойынты кентінде көпбалалы анаға құрмет көрсетіліп, көптен күткен қуанышты сәттің куәсі болды. Кент әкімі көпбалалы ананы арнайы құттықтап, оған мемлекет тарапынан берілетін «Күміс алқа» төсбелгісін салтанатты түрде табыстады.

    Ізгі ниетпен өткен кездесуде кент әкімі анаға ақжарма тілегін арнап, бала тәрбиесіндегі еңбегіне алғысын білдірді. Сонымен қатар отбасына амандық, шаңырағына шаттық, балаларының қызығын көріп, ұрпақтарының қызығына бөленуіне тілектестік білдірді.

    «Күміс алқа» – ана еңбегіне көрсетілген зор құрмет пен жоғары бағаның белгісі. Өйткені көпбалалы ана болу – үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап ететін мәртебелі міндет. Ұрпақ тәрбиелеп, ел болашағына үлес қосып жүрген аналардың еңбегі қашанда құрметке лайық.

    Мерейлі марапат иесін шын жүректен құттықтай отырып, отбасына бақ-береке, өзіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Балаларының қызығын көріп, әрдайым қуанышқа бөлене берсін!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты қенті әкімінің аппараты" жаңалықтары