АЭА қатысушыларына кедендік транзит рәсімін қолдану тәртібі түсіндірілді

    1 / 2

    2026 жылғы 29 қазанда Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «ҰИМТ – АЭА» кеден бекетінде арнайы экономикалық аймаққа қатысушы кәсіпорындардың өкілдерімен кедендік транзит рәсімін қолдану мәселелері бойынша жиналыс өтті.

    Жиналысты кеден бекетінің бас маманы Нұрбол Биманов жүргізді. Іс-шараға кеден бекетінің мамандары, сондай-ақ «IPL Kazakhstan» ЖШС, «ТСМ» ЖШС, «Силлено» ЖШС және «Sinopec» ЖШС өкілдері қатысты.

    Жиналыс барысында қатысушыларға кедендік транзит кедендік рәсімінің негізгі талаптары мен оны қолдану тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, тауарларға қатысты қажетті құжаттарды дұрыс және уақтылы ресімдеу, тауарларды белгіленген жеткізу орнына белгіленген мерзімде жеткізу, сондай-ақ кеден органдары белгілеген талаптарды сақтау мәселелеріне назар аударылды.

    Сонымен қатар тауарларды кедендік бақылаумен тасымалдау кезінде тасымалдаушының және рәсімге қатысушы өзге де тұлғалардың міндеттерін орындау, тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету, кедендік пломбалар мен өзге де сәйкестендіру құралдарының бүтіндігін сақтау қажеттігі атап өтілді.

    Кездесу барысында кәсіпорын өкілдерінің кедендік транзит рәсімін қолдануға қатысты сұрақтарына жауаптар беріліп, тиісті түсініктемелер ұсынылды. Қатысушыларға кедендік транзит рәсімінің талаптарын бұзу заңнамада көзделген жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін екендігі ескертілді.

    Жиналыс қорытындысы бойынша арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға кеден заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, қажетті құжаттарды уақтылы ресімдеу және тауарлардың белгіленген жеткізу орнына мерзімінде жеткізілуін қамтамасыз ету қажеттігі жеткізілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары