Бюджетке берешекті банктік шоттардағы ақша есебінен өндіріп алу

    Нарықтық экономика жағдайында мемлекет бюджеттің тұрақты толығуын қамтамасыз ету үшін салықтық міндеттемелердің уақытылы орындалуына ерекше назар аударады. Салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындамауы мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шараларын қолдануға негіз болады.
    Салық берешегін мәжбүрлеп өндіру шаралары Салық кодексіне сәйкес берешек мөлшеріне қарай қолданылады:
    • 20АЕК –ке дейін- хабарлау (извещение) жолдау шаралары;
    • 20-ден 45 АЕК-ке дейін –хабарлама (уведомление) жолдау, шығыс операцияларын тоқтату шаралары;
    • 45 АЕК-тен астам –өндіріп алудың барлық шаралары.
    Осындай шаралардың бірі — салық берешегін салық төлеушінің банктік шоттарындағы ақша қаражаты есебінен өндіріп алу. Салық кодексінің 184-бабы салық төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен берешекті өндіріп алу тәртібін белгілейді.
    Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақша есебінен салықтық берешекті өндіріп алуды салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомада салықтық берешекті өтемеген кезде салық органы мәжбүрлеу тәртібімен жүзеге асырады.
    Мемлекеттік кірістер органы салық берешегінің бар екенін анықтайды. Салық төлеушіге берешекті өтеу туралы хабарлама жібереді. Белгіленген мерзімде қарыз өтелмеген жағдайда өндіріп алу туралы өкім шығарылады.
    Инкассалық өкімді салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) барлық банктік шоттарына шығарады. Салық төлеушінің шотындағы қаражат есебінен инкассалық өкім негізінде өндіріліген қаражат мемлекеттік бюджетке аударады.
    Салық органы салықтық берешек толық өтелген кезде инкассалық өкімдерді кері қайтарып алады. Бюджетке берешекті банктік шоттардағы ақша есебінен өндіріп алу — мемлекет тарапынан қолданылатын тиімді мәжбүрлеу шараларының бірі. Бұл рәсім бюджеттің уақытылы толығуын қамтамасыз етеді және салық тәртібін нығайтады. Сондықтан әрбір жеке және заңды тұлғаларды өз салықтық міндеттемелерін уақытылы төлеу тиіс.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары