ҚҚС асып кетуін қайтаруды мәлімдеген салық төлеушілердің өнім берушілерінде ҚҚС сомаларын төмендету

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы қарашада салық есептілігінде көрсетілген ҚҚС сомасын төмендетудің анықталған фактілері бойынша камералдық бақылау хабарламаларын жіберу жоспарланғанын хабарлайды.

    Хабарламалар электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) деректерімен 300.00-нысаны бойынша салықтық есептілікті салыстыру негізінде автоматты түрде қалыптастырылатын болады.

    Атап айтқанда, егер ҚҚС асып кетуін қайтаруға талап қойған салық төлеушінің өнім берушісінде сатылған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша ҚҚС сомасының төмендетілгені анықталған жағдайда хабарлама жіберілуі мүмкін.

    Хабарламаның орындалу мерзімі – 30 жұмыс күн.

    Хабарламаны алған кезде салық төлеуші:

    ·анықталғаналшақтықтармен келіскен кезде қосымша салықтықесептілікұсынуы

    ·келіспеген жағдайда – бұзушылықтың жоқекенін негіздей отырып жазбаша түсіндірмежолдауы қажет

    Салық төлеушілердің назарын ЭШФ деректерінің 300.00нысаны бойынша салықтықесептілікке сәйкескелуін уақтылы тексеру, сондай-ақ алынған камералдық бақылау хабарламаларына жедел ден қою қажеттілігіне аударамыз.

    Хабарлама бойынша анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің нормаларына сәйкес мемлекеттік кірістероргандары салықтық тексеру жүргізуге құқылы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары