Құрметті салық төлеушілер!
ҚР Қаржы министрлігінде бизнес-қоғамдастық өкілдерімен ең төменгі баға деңгейі (ЕТБД) қолданылатын және оларға қатысты тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) міндетті түрде ресімдеу көзделген тауарлар тізбесін жоспарлы кеңейту мәселелері бойынша талқылаулар өткізілді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын басшылыққа ала отырып және бизнестің «Виртуалды қойма» модуліне көшуге толық дайын еместігін ескере отырып, ЕТБД тауарларына ТІЖ-ді міндетті түрде ресімдеу мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылданды. Талаптар 2027 жылғы 1 маусымнан бастап кезең-кезеңімен енгізілетін болады.
Жаңа талаптарға біртіндеп көшуді қамтамасыз ету мақсатында ҚР ҚМ МКК бизнес өкілдерімен бірлесіп «Виртуалды қойма» тауарларының тізбесіне енгізілуге жататын тауар позицияларының тізбесін келісу бойынша жұмыс жүргізеді.
Талаптарды кезең-кезеңімен енгізу бизнесті даярлау, есепке алу жүйелерін бейімдеу және ТІЖ мен Виртуалды қоймамен жұмыс істеу тәртібін меңгеру үшін қажетті уақытты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы №661 бұйрығына ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан бастап ЕТБД тауарларына ТІЖ ресімдеуді көздейтін ережені алып тастау бөлігінде тиісті өзгерістер (ретроспективті түрде) енгізілетін болады. Жаңа мерзімдер жеке бұйрықпен бекітіледі.
Бұл ретте 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап және тиісті өзгерістер қабылданғанға дейін аталған тауарлар бойынша салықтық бақылау шаралары қолданылмайды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








