Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Департамент туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуге уәкілетті аумақтық органы болып табылады.
2026 жылғы 22 қыркүйекте Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында салық төлеушілерден келіп түсетін өтініштерді қабылдау тәртібі, оларды дұрыс рәсімдеу, қажетті құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сақталуы тиіс талаптар жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, Мемлекеттік корпорация арқылы альтернативті түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді қабылдау ерекшеліктері, қызмет алушыларға ақпарат беру тәртібі және өтініштерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды. Түсіндіру жұмыстарының мақсаты – Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының салық саласындағы мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бойынша білімін жетілдіру, өтініштерді қабылдау кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету және салық төлеушілерге көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру. Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға мамандар тарапынан нақты жауаптар алды. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырады.
Оның ішінде артық немесе қате төленген сомаларды есепке жатқызу және қайтару мәселелері де бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы және «Байланыс-орталығы» басқармасы басшысының міндетін атқарушы Эльмира Мұханбетжанова мәлімдеді. Оның айтуынша, салық төлеуші белгіленген сомадан артық төлем жасаған жағдайда, аталған қаражатты басқа салық міндеттемелерін өтеуге есепке жатқызуға немесе банк шотына қайтаруға болады. Мысалы, азаматтың төлеуге тиіс салық сомасы 100 мың теңге болып, 120 мың теңге төлеген жағдайда, 20 мың теңге артық төленген сома болып есептеледі. Егер салық төлеушінің берешегі болса, артық төленген қаражат алдымен сол берешекті өтеуге бағытталады. Ал берешегі болмаған жағдайда, азамат бұл соманы қайтаруға өтініш бере алады. – Өтінішті Салық төлеушінің кабинеті, eGov.kz порталы және e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде беруге болады, – деді Э.Мұханбетжанова. Қаражатты қайтару үшін өтініште банк шотының 20 таңбалы IBAN нөмірін, қайтарылатын соманы және қажетті мәліметтерді көрсету қажет. Егер салық бойынша берешек болмаса, өтініш тіркелген күннен бастап қаражат 5 жұмыс күні ішінде банк шотына қайтарылады. Сонымен қатар төлем жасау кезінде ЖСН, БСН, бюджеттік сыныптама коды немесе өзге де қажетті деректер қате көрсетілген жағдайда, төлем қате төленген сома ретінде қарастырылады. Мұндай жағдайда төлем құжатының нөмірін көрсету қажет. Мемлекеттік баж сомасын қайтару тәртібі де ерекшеленеді. Мысалы, азамат сотқа мемлекеттік баж төлеген жағдайда, алдымен баж төленген мемлекеттік органнан тиісті растау құжатын алуы қажет. Кейін мемлекеттік кірістер органына қаражатты қайтару туралы өтініш береді. Бұл ретте мемлекеттік баж барлық жағдайда қайтарыла бермейді. 2026 жылдың басынан бері мемлекеттік баж бойынша бюджетке 3 млн 49 мың 514 теңге, ал әкімшілік айыппұлдар бойынша 4 млн 132 мың 389 теңге түскен.
2026 жылғы 14 қыркүйекте Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Камшат Болатқызы Арыстанбековамен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Тасқын Тұрағалдыұлы Ақбаевпен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау мәселелері талқыланды. Қызмет барысында әдеп қағидаларын қатаң сақтау қажеттігіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында лудоманияның алдын алу мәселесі қаралды. Қызметкерлерге құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға байланысты заңнамада белгіленген шектеулер, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді. Құмар ойындарға тәуелділіктің адамның қаржылық жағдайына, психологиялық денсаулығына және қызметтік беделіне тигізетін кері әсері туралы айтылды. Мемлекеттік органдарда лудоманияның тәуекел факторларын болдырмау мақсатында тұрақты түрде түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні атап өтілді. Кездесу соңында Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтауы жөнінде тиісті түсіндірмелер берді.
2026 жылғы 11 қыркүйекте Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары Атырау облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының әлеуметтік төлем алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған кездесуге қатысты. Іс-шара барысында салық төлеушілердің есептілік тапсыру тәртібі, тауарларды өткізу кезінде қолданылатын бақылау-кассалық машиналарын (БКМ) пайдалану талаптары және чектерді қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Кенжеғазы Есембеков жұмыс сапарымен «Құрманғазы» автомобиль өткізу пунктіне барды. Сапар барысында өткізу пунктінің инфрақұрылымына тексеру жүргізіліп, жұмысты ұйымдастыру жағдайлары зерделенді. Құрманғазы ауданы әкімдігінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің және фитосанитариялық қызмет өкілдерімен жұмыс кездесулері өткізілді. Сондай-ақ көлік прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, мемлекеттік шекарадан өту, бақылауды ұйымдастыру және жүк автокөліктерінің қозғалысына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Сонымен қатар «CarGoRuqsat» электрондық кезегінің ұйымдастырылуына, ақпараттық жүйелердің жұмысына және жүк автокөліктерін рәсімдеу уақытына әсер ететін факторларға ерекше назар аударылды. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша автокөлік қозғалысын ұйымдастыру, тексеру іс-шараларын өткізуді қатаң бақылауға алу тапсырылды.
2026 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке 1 трлн. 490 млрд теңге түсіп, белгіленген болжам 93,6 пайызға орындалды. 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсім қарқыны 114% немесе 183 млрд. теңгеге артық қамтамасыз етілді. Оның ішінде: - Республикалық бюджетке 1 трлн. 131 млрд теңге түсіп, жоспар 100,7 пайызға орындалды. 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсім қарқыны 125% немесе 232 млрд. теңгеге артық қамтамасыз етілді. - жергілікті бюджетке 469 млрд. теңге түсіп, жоспар 76 пайызға орындалды. 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсім қарқыны 88% немесе 48 млрд. теңгеге кем қамтамасыз етілді. Атырау облысы бойынша мұнай компаниялары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 1 трлн 23 млрд теңге аударды. 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсім қарқыны 103,4% немесе 33,2 млрд. теңгеге артық қамтамасыз етілді. Шоғырланған бюджетке ұлттық қорға аударымдарды қоса есептегенде барлығы 2 трлн 514 млрд теңге түсті. 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсім қарқыны 109% немесе 216 млрд. теңгеге артық қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, департаменттің жұмысы бюджетке түсімнің уақытында әрі толықтай түсуін қамтамасыз етуге негізделген. Бюджетке салықтардың толықтай түсуін қамтамасыз ету мақсатында, камералдық бақылау, салықтық тексеру және салықтарды төлеуден жалтарулардың схемаларын айқындау жұмыстары жүргізілді. Осы атқарылған жұмыстар нәтижесінде ағымдағы жылы бюджетке қосымша 9,5 млрд.теңге өндірілді. на русский
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Ішкі конкурстық комиссиясының (3 шілде 2026 жылғы № 39 хаттамасы) шешімінің қорытындысы бойынша жеңімпазы
ҚР ҚМ МКК Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы лауазымына – Қонысов Әлім Абдуалиұлы.
Жарияланды:
Шешім
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін 2026 жылы 25 маусымда жарияланған Ішкі конкурс бойынша қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешімі
Өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысы лауазымына: Қонысов Әлім Абдуалиұлы
Жарияланды:
Шешім
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін 2026 жылы 24 маусымда жарияланған Ішкі конкурс бойынша қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешімі
№ Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Шешім (жіберілді / жіберілген жоқ) Жіберілмеу себебі 1 Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басқарма басшысы басшысы Сарсенкулов Бекбол Асанбайұлы жіберілді 2 Ұйымдастыру-қаржы басқармасы ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы Калиева Нурия Асхаткызы жіберілді 3 Айтакова Салтанат Ораковна жіберілді А.Уагисаева _________________________________________________ (Персоналды басқару қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Г.Кулова________________________________________________ Комиссия хатшысы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 3-қосымшасы Нысан Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ № Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Әңгімелесу өтетін орны, күні және уақыты Эссе өтетін орны, күні және уақыты 1 Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басқарма басшысы басшысы Сарсенкулов Бекбол Асанбайұлы Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 94 А, 5 қабат, конференц залында өткізіледі, 2026 жылы 2 шілде сағат 15:00 2 Ұйымдастыру-қаржы басқармасы ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы Калиева Нурия Асхаткызы 3 Айтакова Салтанат Ораковна А.Уагисаева _________________________________________________ (Персоналды басқару қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Г.Кулова________________________________________________ Комиссия хатшысы
Жарияланды:
Шешім
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Ішкі конкурстық комиссиясының (2026 жылғы 26 маусымдағы № 37 хаттамасы ) шешімінің қорытындысы бойынша жеңімпаздары
1) ҚР ҚМ МКК Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тарифтік реттеу басқармасы кедендік құн бөлімінің бөлім басшысы лауазымына – Аушимова Карлыгаш Даниялкызы; 2) ҚР ҚМ МКК Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы лауазымына – Сәденұлы Мейірбек; 3) ҚР ҚМ МКК Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасы жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 28 ақпанға дейін) лауазымына – Махмутов Жеңіс Махмутұлы.
Жарияланды:
Шешім
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін 2026 жылы 15 маусымда жарияланған Ішкі конкурс бойынша қатысушыны әңгімелесуге жіберу туралы шешімі
№ Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Шешім (жіберілді / жіберілген жоқ) Жіберілмеу себебі 1 Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жумагалиев Нурлан Гайдарович Жіберілді А.Уагисаева _________________________________________________________________ (Персоналды басқару қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Г.Кулова____________________________________________________________________ Комиссия хатшысы