Әдеп қағидаларын сақтау жөнінде кездесу

    1 / 5

    16 қазан күні Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Шанаев Бекен Өтегенұлы мен Қызметтік тергеп-тексеру бөлімінің басшысы Капышева Айзада басқарма қызметкерлерімен кездесу өткізді.
    Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау мәселелері талқыланды. Қызмет барысында әдеп қағидаларын қатаң сақтау қажеттігіне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында лудоманияның алдын алу мәселесі қаралды. Қызметкерлерге құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға байланысты заңнамада белгіленген шектеулер, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді. Құмар ойындарға тәуелділіктің адамның қаржылық жағдайына, психологиялық денсаулығына және қызметтік беделіне тигізетін кері әсері туралы айтылды.

    Кездесу соңында қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтауы жөнінде тиісті түсіндірмелер берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары