Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан
Республикасының 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген
жаңа Салық кодексіне сәйкес, кәсіпкерлерге арналған маңызды өзгерістер
туралы хабарлайды.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа
Салық кодексіне сәйкес жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін
қолданатын салық төлеушілер үшін өзгерістер енгізілді.
Салық кодексінің 286-бабына сәйкес оңайлатылған декларация
негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерден
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты
шығыстар корпоративтік табыс салығын (КТС) есептеу кезінде шегерімге
жатқызылмайды.
Осыған байланысты кәсіпкерлерге өздерінің контрагенттерінің салық
режимін алдын ала тексеруді және өзара есеп айырысуды жүзеге асыру
кезінде аталған талапты ескеруді ұсынамыз.
Аталған талаптар сақталмаған жағдайда камералдық бақылау
нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама жіберілуі
мүмкін.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









