«Үздік ауыл мұғалімі 2026» облыстық байқауы

    1 / 8
    2026 жылы 27 қарашада «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдарының білім беру менеджменті және мониторингі әдістемелік бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Үздік ауыл мұғалімі-2026» облыстық байқауын өткізді.
    Мақсаты – облыстың шағын жинақты мектептерінде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, ынталандыру және қолдау, педагогтердің озық тәжірибесін тарату, білім беру сапасын арттыру.
    Байқауға шағын жинақты мектептерден 11 мұғалім қатысты.
    Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар екі кезең бойынша сынға түсті. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерінің кәсіби жетістіктерін таныстырды. Екінші кезеңінде сабақтарының бейнежазбаларын ұсынып, қысқа мерзімді жоспарларын қорғады.
    Конкурс комиссиясының шешімі бойынша байқау жүлдегерлері анықталды:
    І орын – Асылбаев Едил Аскарович, Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі» КММ.
    ІІ орын – Социалов Ернат Каримханулы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ново-Троицк негізгі орта мектебі» КММ.
    ІІ орын- Калелова Мария Рулановна, Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Малоубинка орта мектебі» КММ.
    ІІІ орын – Ляпунова Александра Васильевна, Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің Зевакино кешені «Жалпы білім беретін орта мектеп балабақша» КММ.
    ІІІ орын – Жексембаева Бакытгуль Турсбековна, Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтынбел орта мектебі» КММ.
    ІІІ орын - Сарсембекова Тлеугайша Сарсембековна, Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақмектеп орта мектебі» КММ.
    Номинация иегерлері:
    «Мен-заманауи білім беру мұғалімімін» - Танжарикова Алтынай Нурылкасымовна, Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Чапаев орта мектебі» КММ.
    «Шағын жинақты мектептегі үздік сабақ» Қалканбаева Еркежан Мақсұтқанқызы, Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Мұжықсу негізгі орта мектебі» КММ.
    Жеңімпаздар дипломдар және мадақтамалармен марапатталды. Қатысушыларға сертификаттар табысталды. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс, кәсіби жетістік тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары