ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 28 қыркүйегінен 20 қарашасы аралығында білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Robofree» қашықтағы облыстық бейнероликтер байқауын өткізді.
Байқаудың негізгі мақсатыбілім беру мекемелерінің оқушылары арасында техникалық модельдеуді танымал ету, робототехникаға қызығушылықты арттыру және логикалық ойлауды қалыптастыруболып табылады. Конкурсқа 26 конкурстық өтінім ұсынылды.
Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
10+ жас санаты арасында:
І орын–Маратова Сезім, Дәуренқызы Балым, ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Өрел орта мектебі» КММ оқушылары;
ІІ орын–Рассошанский Тимофей, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№24 орта мектебі» КММ оқушысы;
ІІІ орын–Балгамбаев Санжар, Шиверханова Кәусар, ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Өрел орта мектебі» КММ оқушылары.
14+ жас санаты арасында:
І орын–Звонов Артур, ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММоқушысы;
ІІ орын–Болат Елдос Досымұлы, ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қалихан Ысқақов атындағы орта мектебі» КММ оқушысы;
ІІІ орын–Бауыржанова Қымбат, Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ оқушысы.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз және бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








