«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі

    Басқарма туралы

    Миссиясы:

    азаматтардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету және Шығыс Қазақстан облысы аумағында мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, арнайы және мамандандырылған Білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және Бала құқықтары туралы Конвенцияда көзделген заңды құқықтарды сақтау негізінде баланың жеке басын үйлесімді дамыту үшін жағдайлар жасау.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    «Инженерлік білім беру және болашақ технологиялары» (ынтымақтастықты дамытудың перспективалық жоспарын іске асыру шеңберінде) баспасөз -хабарламасы

    Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Инженерлік білім беру және болашақ технологиялары» атты (ынтымақтастықты дамытудың перспективалық жоспарын іске асыру шеңберінде) форсайт-семинар өткізеді. Мақсаты: Жасанды интеллектіні пайдалану жағдайында инженерлік мамандықтардың қалай өзгеріп жатқандығы және қазіргі заман талаптарына сай оқушыларды осы мамандықтарға даярлауға мүмкіндік беретін білім беру тәсілдері туралы педагогтердің тұтас түсінігін қалыптастыру. Қатысушылар санаты – математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері, IT-қоғамдастықтың өкілдері, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері. Өткізу мерзімі: 30 қазан 2026 жыл, сағат 9:00-де Өтетін орны : «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ, Серікбаева к-сі 19.

    30 қазан 2026 ж.Тікелей
    НАО ВКТУ имени Д.Серикбаева, ул. Серикбаева, 19.
    ОтырысАяқталды

    Шығыс Қазақстан облысы әкімнің қатысуымен мұғалімдер күніне арналған салтанатты шара

    Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шығыс Қазақстан облысы әкімнің қатысуымен мұғалімдер күніне арналған салтанатты шара өткізеді. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, «ШҚО Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, ДББҰ НЗМ педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің кәсіби дамыту институтының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, білім саласының ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, кәсіподақ ұйымы, әлеуметтік серіктестер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады. Барлығы 600 адам қатысады. Мерекелік шара аясында білім саласының еңбек ардагерлері, үздік педагогтері мен білім бөлімдері ҚР оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық награда-медальдарымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің құрмет, алғыс хаттарымен марапатталады. Мерекенің арнайы шақырылған құрметті қонақтарына, білім беру саласының ардагерлері мен облыс педагогтеріне арнайы дайындалған концерттік бағдарламасы ұсынылады. Өтетін орны: Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 43 «Ертіс концерт» мәдениет орталығы Өтетін күні мен мерзімі : 5 қазан 2026 жыл, сағат 15.00

    5 қазан 2026 ж.Тікелей
    г.Усть-Каменогорск, ул. Протозанова, 43, центральный дом культура «Ертіс концерт»
    ОтырысАяқталды

    Оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

    Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірігіп 2026 жылғы 16-17 қыркүйек күндері оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирін өткізеді. Турнирдің мақсаты – білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту. Іс-шараға еліміздің 20 аймағынан жалпы саны 180 жас пікірсайысшылар қатысады. Турнир «қазақ лигасы», «орыс лигасы» және «ағылшын лигасы» санаттары бойынша өткізіледі. Турнирде жүлдегер командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады. Қызығушылық танытқан БАҚ өкілдерін 2026 жылғы 16-17 қыркүйек күндері Глубокое ауданындағы Таулы Үлбіде орналасқан Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының «Дарын» балалар білім беру-сауықтыру орталығында өтетін іс-шараны ақпараттық тұрғыдан жариялауға және оған қатысуға шақырамыз. Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7232) 75-26-91, +7 705 752 2878 телефон номерлері бойынша хабарласуға болады.

    16 қыркүйек 2026 ж. – 17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКИЙ НАУЧНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ОДАРЕННОСТИ И ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ «ДАРЫН»
    ОтырысАяқталды

    «Жетістік навигаторы» облыстық байқауының баспасөз хабарламасы

    ШҚО ББ «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ «Жетістік навигаторы» облыстық байқауын өткізеді. Байқаудың мақсаты: білім беру ұйымдарындағы кәсіби бағдар беру жұмысының сапасын кәсіптік бағдар беру мұғалімдері тиімді педагогикалық тәжірибелерін анықтау, қолдау және тарату арқылы арттыру. Байқау 2 кезеңнен тұрады. І кезең - аудандық/қалалық . 2026 жылдың, 18 наурыз – 10 сәуір аралығында ІІ кезең - облыстық . 2026 жылғы 29 сәуір. Өтетін орны: Абай даңғылы 21, 4 қабат, конференц зал сағат 09.00. Байқауға қатысушылар: жалпы орта білім беру ұйымдарының кәсіптік бағдар беру мұғалімдері. Өткізілу тілі: қазақша, орысша Жауапты: Матыбаева А. А. (тел. 87772810621)

    29 сәуір 2026 ж.Тікелей
    КГУ «Восточно-Казахстанский региональный научно-методический центр информатизации и развития образования «Örken» управления образования ВКО, пр. Абая 21, 4 этаж, конференц зал
    ОтырысАяқталды

    «Педагогикалық дебют» облыстық байқауының баспасөз хабарламасы

    ШҚО ББ «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ «Педагогикалық дебют» облыстық байқауын өткізеді. Байқаудың мақсаты: жас мұғалімдердің кәсіби өсуін қолдау және дамыту, педагог мамандығының беделін арттырып, тиімді педагогикалық тәжірибені тарату. Байқау 2 кезеңнен тұрады. І кезең - аудандық/қалалық . 2026 жылдың, 18 наурыз – 10 сәуір аралығында ІІ кезең - облыстық . 2026 жылғы 27 сәуір. Өтетін орны: Абай даңғылы 21, 4 қабат. Басталуы: сағат 09.00. Байқауға қатысушылар: жалпы орта білім беру ұйымдарының орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері. Өткізілу тілі: қазақша, орысша Жауапты: Матыбаева А. А. (тел. 87772810621)

    27 сәуір 2026 ж.Тікелей
    КГУ «Восточно-Казахстанский региональный научно-методический центр информатизации и развития образования «Örken» управления образования ВКО, пр. Абая 21, 4 этаж, конференц зал
    ОтырысАяқталды

    «Жаңашыл ұстаз-2026» облыстық байқауы

    ШҚО ББ «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми - әдістемелік орталығы» КММ 2026 жылдың 31 наурыз күні «Жаңашыл ұстаз-2026» облыстық байқауын өткізеді. Байқаудың мақсаты: қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (Я2) пәнінің жас, шығармашыл мұғалімдерін анықтау, көтермелеу және қолдау, орыс тілі мен әдебиетін оқыту сапасын арттыру. Байқау 2 кезеңнен тұрады. І кезең - аудандық/қалалық . 2026 жыл, 23 ақпан – 13 наурыз. ІІ кезең - облыстық . 2026 жылғы 31 наурыз. Өтетін орны: Абай даңғылы 21, 5 қабат, конференц зал сағат 09.00. Өткізілетін мерзімі: 2026 жыл, 31 наурыз. Байқауға қатысушылар: облыстың жалпы орта білім беру ұйымдарының орыс тілі және әдебиет пәндері мұғалімдері ( қазақ тілінде оқытатын мектептердің « Орыс тілі мен әдебиеті»). Өткізілу тілі: орыс Жауапты маман: А. А. Матыбаева (87772810621)

    31 наурыз 2026 ж.Тікелей
    КГУ «Восточно-Казахстанский региональный научно-методический центр информатизации и развития образования «Örken» управления образования ВКО, пр. Абая 21, 5 этаж, конференц зал 1
    Бұйрық

    Температуралық режим және қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы

    Температуралық режим және қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы

    Жарияланды:
    Басқа

    №62 "Бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен қызметтерін сатып алу" шарты

    №62 "Бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен қызметтерін сатып алу" шарты

    Жарияланды:
    Басқа

    №64 "Бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен қызметтерін сатып алу" шарты

    №64 "Бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен қызметтерін сатып алу" шарты

    Жарияланды:
    Басқа

    №63 "Бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен қызметтерін сатып алу" шарты

    №63 "Бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен қызметтерін сатып алу" шарты

    Жарияланды:
    Басқа

    №61 "Бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен қызметтерін сатып алу" шарты

    №61 "Бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен қызметтерін сатып алу" шарты

    Жарияланды:
    Басқа

    №60 "Бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен қызметтерін сатып алу" шарты

    №60 "Бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен қызметтерін сатып алу" шарты

    Жарияланды: