«Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік 100 студенті» республикалық конкурсы

    1 / 9

    «Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік 100 студенті» республикалық конкурсына еліміздің барлық өңірінен 200 колледж студенті қатысты. Әр өңірден 10 өкілден ұсынылды.

    Конкурсқа қатысушыларды бағалау үш конкурс тапсырмасы бойынша жүргізілді. Ең жоғары балл саны 100 балды құрады. Қатысушылар мотивациялық хат үшін 25 балл, кәсіби ынтасын, дағдылары мен жетістіктерін көрсететін бейнеролик үшін 35 балл, таңдаған мамандығы бойынша жеке жобасының таныстырылымы үшін 40 балл жинай алды.

    Бағалау барысында ұсынылған материалдардың мазмұны мен бірегейлігі, кәсіби бағыты, жобалардың практикалық маңыздылығы, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін қолдану деңгейі ескерілді.

    Конкурс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студентінің қатарына Шығыс Қазақстан облысының үш өкілі енді:

    1. Дадаева Раяна Султановна - «Өскемен жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК, «Стоматология» мамандығы, 3-курс.

    2. Арданбекқызы Арна - «Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы, 4-курс.

    3. Сапаров Рамиз Исатайұлы - «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы, 4-курс.

    2026 жылғы 6 қарашада Астана қаласындағы «TANYM» көпфункционалды кешенінде «Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік 100 студенті» республикалық конкурсы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздарға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ж. Сүлейменова дипломдар табыстады.

    Студенттердің жетістіктері олардың кәсіби даярлығының жоғары деңгейін, шығармашылық әлеуетін, бастамашылдығын және кәсіби дамуға деген ұмтылысын көрсетеді.

    «Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік 100 студенті» конкурсы дарынды жастарды анықтауға және қолдауға, техникалық және кәсіптік білім берудің беделін арттыруға, сұранысқа ие мамандықтарды насихаттауға, сондай-ақ студенттердің жобалық ойлау қабілеті мен цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары