Мемлекеттік қызмет құндылықтарын ілгерілету және оқушыларға ерте кәсіби бағдар беру

    1 / 9

    Мемлекеттік қызмет құндылықтарын ілгерілету және оқушыларға ерте кәсіби бағдар беру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында оқушылардың мемлекеттік қызметке деген құрметін қалыптастыруға, оның қоғамдық маңызын түсіндіруге және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағытталған кешенді жұмыс жүргізілді.

    Іс-шаралар барысында оқушылар мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерімен, оның негізгі қағидаттарымен, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын кәсіби және жеке қасиеттерге қатысты талаптармен танысты. Азаматтық жауапкершілікті, адалдықты, патриотизмді және қоғамға пайда әкелуге ұмтылысты дамытуға ерекше назар аударылды.

    Өткізілген іс-шаралар өскелең ұрпақтың болашақ мамандығына саналы көзқарасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің қоғам мен мемлекетті дамытудағы рөлін түсінуіне ықпал етті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары