«АСБ бар балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері» Зайсан ауданының ППТК базасында облыстық семинар-практикум

    1 / 4

    ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы педагогтердің күзгі каникулдық мектебі аясында 2026 жылғы 28 қазанда Зайсан ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің базасында «АСБ бар балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері» тақырыбында ППТК басшылары мен педагогтеріне, ауданның жалпы білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері (дефектологтерге, логопедтерге) мен педагог-ассистенттеріне арналған облыстық семинар-практикумын өткізді.

    Іс-шараға Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Е.Е. Қорабаев, аудандық білім бөлімі, ауданның «Әділет» партиясының, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау салаларының өкілдері қатысты.

    Семинар аясында Зайсан ауданының ППТК базасында 0-ден 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ерте қолдау кабинеті ашылды.

    Семинар-практикум барысында аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларды түзете-дамыта қолдау, даму ерекшеліктерін ерте анықтау, ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау, түзету жұмысының практикалық әдістерін қолдану, сондай-ақ мамандар арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары