Ұлытау облысының білім беру ұйымдарында «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Жобаға оқушылармен қатар педагогтер мен ата-аналар да қатысып, кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдыруға атсалысуда.
Бастаманың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың кітапқа қызығушылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және зияткерлік әлеуетін нығайту. Сонымен қатар жоба білім беру ұйымдарында кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттауға, оқушылардың таным көкжиегін кеңейтуге және өздігінен іздену дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы жұмыстар өңірдің білім беру ұйымдарында жалғасын тауып отыр. «Кітап оқитын ұлт»: Ұлытауда оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар жобаға атсалысып жатыр
Ұлытау облысының білім беру ұйымдарында «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Жобаға оқушылармен қатар педагогтер мен ата-аналар да қатысып, кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдыруға атсалысуда.
Бастаманың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың кітапқа қызығушылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және зияткерлік әлеуетін нығайту. Сонымен қатар жоба білім беру ұйымдарында кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттауға, оқушылардың таным көкжиегін кеңейтуге және өздігінен іздену дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы жұмыстар өңірдің білім беру ұйымдарында жалғасын тауып отыр.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







