Ұлытау облысында «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында 7-сынып оқушыларының қатысуымен «Әдеби кафе – кітаппен өткен керемет сәт» атты әдеби-танымдық кеш өтті, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Ерекше форматта ұйымдастырылған іс-шарада оқушылар сүйікті кітаптары мен әдеби кейіпкерлері туралы әңгімелеп, шығармалар жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Кеш бағдарламасы «Танысу шайы», «Әдеби коктейль», «Кітаптың дәмі», «Поэзия шайы» және «Шығармашылық десерт» атты бес бөлімнен тұрды. Қатысушылар әдеби сұрақтарға жауап беріп, өлеңдерді мәнерлеп оқыды және шығармашылық тапсырмалар орындады.
Іс-шара оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, көркем сөйлеу дағдыларын жетілдіруге және әдеби шығармаларды еркін талқылау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Айта кетейік, «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында өңірдің білім беру ұйымдарында оқу мәдениетін дамытуға және жас ұрпақтың әдебиетке қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасып жатыр.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









