Дін талабы тас түйін, алайда оны ақыл ғана жұмсартады. Өйткені исламның талабы бойынша Аллаға амал әрекетпен ғана ұнамайсың, Одан бұрын ниет жөнді болуы керек. Мәселен, бір адам ислам талаптарын қатаң ұстаймын деп қоғамнан бөлініп, заман ығына қарсы есіп, заң мен талаптарды мойындамай, әсіре діншілдікпен жаман жағынан көруіні мүмкін. Онымен қоймай қоғам ішіне іріткі салып, бүлікке бастап кетсе. Бұл дін көрсеткен жол емес, бұл дінді жаман етіп көрсетуді мақсат еткен ібілістің-экстремистік-террористік ұйымдардың ісі болып шыға келеді. Мұндайда қазақ мұсылман болу әсте әсте деп сипаттаған.
Негізі елдің ішіне діни талаптарды тарататындар түрлі идеологиялық ағымдар, экстремистік радикалды топтар екенін жақсы білеміз. Олар адамның ойына, дүниетанымына әсер етуге тырысады. Сөйтіп өз әскерлерін әр елде жасақтап, күшейген уақытта сол мемлекеттің өзін бопсалайды. Жерін, жер асты байлығын тіпті билігін алғысы келеді. Яғни, радикалды адамдарды көбейту арқылы түрлі бүлікті жасатады. Ал, сол радикалды сенімнің ізінде исламды насихаттап жүрміз дейтіндер қылмыскер, отанаға опасыздық жасаған болса, діни тұрғыдан алғанда бүлікші болып шыға келеді. Осындай кезеңде саналы ойлау – адамның ең мықты қорғаны болмақ. Саналы ойлау дегеніміз – әрбір ақпаратты сүзгіден өткізу, дәлел мен дәйекке сүйену, эмоцияға берілмей, ақылмен шешім қабылдау. Ең бастысы діни талаптарды қанша жыл ұстанып келген бабаларымыз қалай тұтынғанына қарау керек. Себебі, ислам шариғаты еш өзгермейді. Сол қағидаттарды еш өзгеріссіз ғұламалар елімізге биімдеді. Соған назар салу керек.
Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









