Алматы облысы Жамбыл ауданында терроризм профилактикасының практикалық тәсілдері талқыланды

    Алматы облысы Жамбыл ауданының Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музейінде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған профилактикалық іс-шара өтті.

    Бүгінде терроризмге қарсы іс-қимыл және оның профилактикасы «алдын алу, жол бермеу» қағидатына негізделеді. Бұл тәуекел факторларын деп кезінде анықтау, халықпен жүйелі жұмыс жүргізу және қоғамның зорлық-зомбылық идеологиясына қарсы орнықтылығын қалыптастыру дегенді білдіреді.

    Аталған мәселелерге арналған кездесуде мәдениет саласының қызметкерлері, облыстық ТҚК мүшелері және ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері қатысты.

    Іс-шара барысында терроризм профилактикасы, заңңама талаптарын сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

    Қатысушыларға террористік қатерлердің алдын алудың негізгі шаралары, сондай-ақ террористік сипаттағы қауіп туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі түсіндірілді.

    Профилактикалық жұмыс терроризмге қарсы іс-қимыл жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Оның негізгі міндеті – халықты уақтылы ақпараттандыру, азаматтардың қырағылығын арттыру және азаматтардың қауіпсіздігіне төнетін қатерлердің туындауына жол бермеу.

    Материал Алматы облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары