Адрестік профилактика – терроризмге қарсы күрестегі маңызды бағыт

    Алматы облысы Терроризмге қарсы комиссияның аппаратымен, ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен, тәуекел топтарға жататын азаматтармен адрестік профилактикалық іс-шарал өткізілді.

    Шараның негізгі мақсаты азаматтардың террористік қызметке кіруіне жол бермеу және ықтимал қауіп-қатерлердің алдын-алу.

    Профилактикалық жұмыс азаматтардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі және қауіпсіздік мәселелері мен заңнама талаптарын түсіндіруді қамтиды.

    Кездесу барысында мамандар азаматтарды террористік ұйымдарға тарту және оларға психологиялық ықпал ету тәсілдеріне, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын әрекеттерге тоқталды.

    Сонымен қатар азаматтарға тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқаны және терроризмге байланысты әрекеттер жасағаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік түсіндірілді.

    Спикер қазіргі уақытта радикалды ұйымдарға тартудың заманауи тәсілдері, ең алдымен, адамның осал тұстарына психологиялық әсер ету арқылы жүзеге асырылатынын атап өтті. Осыған байланысты мұндай әрекеттерді дер кезінде танып, күмәнді ұйымдармен байланысқа түспеудің маңыздылығына назар аударды.

    Адрестік профилактика терроризмге қарсы іс-қимыл жүйесіндегі практикалық құралдардың бірі болып табылады және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Материал Алматы облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары