Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 03 қараша күні тұрақты оқырмандармен Бөкей ордасының ханы, қазақтың тарихи тұлғаларының бірі Бөкейұлы Жәңгір ханға 225 жыл толуына орай «Жәңгір хан-өз заманының білікті тұлғасы» атты тарихи сағат өтті.

    1 / 3

    Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 03 қараша күні тұрақты оқырмандармен Бөкей ордасының ханы, қазақтың тарихи тұлғаларының бірі Бөкейұлы Жәңгір ханға 225 жыл толуына орай «Жәңгір хан-өз заманының білікті тұлғасы» атты тарихи сағат өтті. Іс-шара барысында Жәңгір ханның қызметі қазақ қоғамындағы басқару жүйесі мен ағартушылықтың дамуына ықпал етіп, ел тарихында маңызды із қалдырғаны, ол ел басқару ісінде білім беру, сауда-саттық пен мәдениетті дамытуға ерекше көңіл бөлгені, ол халықты отырықшылыққа, егіншілікке және өркениетті өмір салтына бейімдеуге күш салғаны айтылды. Оқырмандар Жәңгір хан туралы өз білгендерімен бөлісіп, сұрақ-жауап ұйымдастырылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Сарқан ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары