2026 жылғы 30 қазанда «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының күзгі каникул мектебі жұмыс жоспарының аясында «Тәлімгер мен тәлім алушы: нәтижелі ынтымақтастық жолдары» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – тәлімгер мен тәлім алушы арасындағы тиімді қарым-қатынас пен өзара ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттілікті арттыру, жас мамандардың кәсіби бейімделуіне қолдау көрсету және ортақ мақсатқа жетудің тиімді жолдарын айқындау.
Семинар барысында оқушылармен сенімді қарым-қатынас орнату жолдары, тәлімгерлік тәжірибенің нәтижелері, жеңіске жетудің тиімді формуласы, сондай-ақ тәлімгер мен жас маманның бірлескен қызметін ұйымдастыру бағыттары бойынша тәжірибелер ұсынылды.
Семинарға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлер мен жас педагогтер қатысты.
Кері байланыс жасалып, қатысушылар сұрақтарына жауап алды. Семинарға барлығы 92 маман қатысты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









