ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    2026 жылғы 22 қазанда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС «Қызылорда бөлімшесі» филиалының Қызылорда локомотив пайдалану депосы жұмысшылары арасында ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында ЖРВИ мен тұмаудың негізгі белгілері, аурудың таралу жолдары және ықтимал асқынулары туралы түсіндірілді. Сонымен қатар аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда өзін-өзі емдеуге жол бермей, уақытылы медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы атап өтілді. Қатысушыларға аурудың алдын алу шаралары, атап айтқанда қол гигиенасын сақтау, бөлмелерді жиі желдету, антисептиктерді пайдалану, адамдар көп жиналатын орындарда бетперде тағу және салауатты өмір салтын ұстану жөнінде ұсынымдар берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары