Бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы 2026 жылдың 29 қазанында Астана қаласында «Зияткер ұстаз» республикалық шахмат турнирінің финалдық туры өтті. Шығыс Қазақстан облысының намысын 5 педагог қорғады.
Қатысушылар өңірдегі «Шахмат негіздері» пәнінен сабақ беретін жалпы білім беретін ұйымдардың атынан шықты. Педагогтер Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған «Білім берудегі шахмат» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, жарыстың республикалық кезеңіне қатысты. Олар өздерінің шахмат ойнау дағдылары мен шахматтық білім беруді дамытуға деген кәсіби қызығушылықтарын көрсетті.
Республикалық турнирдің қорытындысы бойынша «Н. Островский атындағы № 4 Күршім орта мектебі» КММ атынан қатысқан Шығыс Қазақстан облысының өкілі Төлеуова Құралай Мұратхановна Шығыс Қазақстан облысының үздік мұғалімі деп танылды. Қол жеткізген нәтижесі үшін ол 50 000 (елу мың) теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды.









