«Кітап оқитын ұлт» жобасын іске асыру: білім алушылардың оқу мәдениеті мен кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдары» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті

    1 / 9

    2026 жылғы 30 қазанда Шығыс Қазақстан облысының «Күзгі каникулдық мектеп» жұмыс жоспары аясында білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған «Кітап оқитын ұлт» жобасын іске асыру: білім алушылардың оқу мәдениеті мен кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдары» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті.

    Семинардың мақсаты – «Кітап оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру арқылы білім алушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, оқырмандық сауаттылығын дамыту, оқу мәдениетін жетілдіру және кітап оқуға баулудың тиімді әдіс-тәсілдерін тәжірибеге енгізу.

    Семинар барысында білім беру ұйымдарының кітапханашылары өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыстарын таныстырды.

    Атап айтқанда, Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі» КММ кітапханашысы Жәнібекова Аяулым Сайранқанқызы «Кітап оқыған ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында баяндама жасады. Ол оқушылардың бойында кітап оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, өз тәжірибесімен бөлісті.

    Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж. Малдыбаев атындағы негізгі орта мектебі» КММ кітапханашысы Сарсекова Тұмарым Бекболатқызы «12 ай – 12 кітап: оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттырудың тиімді тәжірибесі» тақырыбында жүйелі оқуды ұйымдастыру және оқушылардың тұрақты оқу дағдыларын қалыптастыру бағытындағы тәжірибесін ұсынды.

    Алтай ауданы білім бөлімінің «Полянка орта мектебі» КММ кітапханашысы Жакупбекова Ардак Аркабековна мектеп кітапханасының «Кітап оқитын ұлт» жобы аясындағы жұмысымен таныстырып, кітапхана қызметін жоба мақсаттарымен ұштастыру жолдарын көрсетті.

    Тарбағатай ауданы білім бөлімінің «Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі Махсұтханова Ажар Расулқызы «Кітап оқитын мектептен – оқырман ұлтқа: каникулдық мектеп жағдайында оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында баяндама жасап, демалыс кезеңінде балалардың кітап оқуын ұйымдастыру бойынша тәжірибесімен бөлісті.

    Ұсынылған баяндамаларда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес әдебиеттерді таңдауға, кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдыруға, кітапхана жұмысында шығармашылық тәсілдерді қолдануға және білім алушылардың оқырмандық белсенділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

    Семинар қатысушылары мектеп кітапханасының білім беру үдерісіндегі рөлін, оқушылардың функционалдық және оқырмандық сауаттылығын дамытудағы маңызын талқылады. Сонымен қатар ұсынылған тәжірибелерді білім беру ұйымдарының күнделікті жұмысына енгізу, кітап оқу іс-шараларын жүйелі ұйымдастыру және педагогтер мен кітапханашылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылды.

    Семинар соңында пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсынылған әдістемелер мен практикалық шешімдерді талқылады.

    Қамту: 92 кітапханашы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары