Ағылшын тілі пәні мұғалімдері Оксфорд университеті баспасының халықаралық шетелдік оқытушысымен кездесті

    1 / 4

    2026 жылы 29 қазан күні Глубокое және Ұлан аудандарының, сондай-ақ Өскемен қаласының ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған өңірлік семинар өткізілді.

    Іс-шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және тәжірибе алмасуды дамытуға бағытталды. Семинарды ұйымдастыруға халықаралық Oxford University Press баспасы қолдау көрсетіп, «Assessment for Learning: Making Assessment Work for Everyone» және «Inspiring Better Writing: Practical Approaches for the English Classroom» тақырыптарын ұсынды.

    Семинар барысында қатысушыларға әдістемелік қолдау көрсетіліп, ағылшын тілін оқытуды бағалау және оқыту үшін бағалау таныстырылды, сондай-ақ білім беру үдерісінде тиімді қолдануға болатын практикалық тәсілдер ұсынылды.

    Негізгі спикер ретінде халықаралық PhD докторы Лейла Масмалиева лекция оқып, теория мен практиканы ұштастыруға бағытталған заманауи білім беру әдістерін таныстырып және озық педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.

    Іс-шара қорытындысында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары