2026 жылғы 29 қазан күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми - әдістемелік орталығының күзгі демалыс мектебінің жоспарына сәйкес математика және физика пәні мұғалімдеріне арналған «Математика мен физика сабақтарындағы жасанды интеллект: тиімділік, әдістеме, нәтиже» онлайн семинары өткізілді.
Семинар барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақта тиімді пайдалану, ББЖМ-ке дайындықтың тиімді жолдары, математикалық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, сондай-ақ ББЖМ нәтижелерін талдау арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою стратегиялары қарастырылды.
Семинар мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге және оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды тәжірибе алаңы болды.









