Әйел кәсіпкерлерге арналған «TalpynUp 7.0» тегін менторлық бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды
Өңіріміздің әйелдерін «TalpynUp 7.0» әлеуметтік білім беру және зерттеу жобасының жетінші ағымына қатысуға шақырамыз.
Егер сіз өз ісіңізді ашуды армандасаңыз немесе қолданыстағы бизнесіңізді дамытқыңыз келсе, тәжірибелік дағдылар мен менторлық қолдау алғыңыз келсе — бұл бағдарлама сізге арналған!
Негізгі шарттары:
·Бағдарламаның басталуы:2026 жылғы 10 қараша
·Уақыты:6 ай
·Форматы:Онлайн (интернет бар кез келген жерден оқи аласыз)
·Құны:Жеңілдік санаттары үшін тегін
Кімдер тегін қатыса алады?
·Көпбалалы аналар;
·Балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған әйелдер;
·Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар;
·Өмірлік қиын жағдайға тап болған әй
Не үйренесіз?
1.Бизнес-модель құруды және қаржыны басқаруды.
2.Өнімді жылжытуды: маркетинг, сату және мақсатты аудиториямен жұмыс.
3.Команданы басқаруды және бизнеске заманауи ЖИ (жасанды интеллект) құралдарын енгізуді.
4.Ментормен жұмыс істеуді: нарық сарапшыларынан жобаңызға жеке сүйемелдеу алу.
Қалай қатысуға болады?
Бағдарлама туралы толық ақпаратты білу және қатысуға өтінім беру ұйымдастырушылардың ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде қолжетімді:
·Ассоциация сайты:qazcoach.com
·Instagram:@business_treningi
Жобаны ұйымдастырушылар: Назарбаев Университетінің Кәсіпкерлікті зерттеу орталығының (NURCE) қолдауымен Қазақстан Бизнес-тренерлер ассоциациясы.


