Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 4
Қарашығанақ кен орнында оқу дабылы өтті. Оқу дабылына Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары қатысты. Шара «Ашық (өнімді) горизонтты бұрғылау кезінде бұрғылау ерітіндісінің жоспардан тыс толық сіңуі немесе сіңу көлемінің артуы, соңынан қарқынды газ-су-мұнай көрінісіне ұласуы және ашық бұрқақ қаупінің туындауы» тақырыбын қамтыды. Шараның басты мақсаты – аварияға қарсы қорғаныс жүйелері мен бұрғылау кешені қызметкерлерінің дайындық деңгейін тексеру.
Аварияларды жою жоспарының барлық кезеңі белгіленген нормативтік мерзімде үйлесімді орындалып, күштер мен құралдардың штаттан тыс жағдайларды оқшаулауға жоғары дайындығын растады.








