Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ұйымдастыруымен «Теңізшевройл» ЖШС өкілдеріне арналған таныстыру іс-шарасы өтті. Кездесу барысында өндірістік серіктестер министрліктің күштері мен құралдарын позициялау жүйесінің жұмысымен танысты.
Командалық орталық мамандары аталған цифрлық жүйенің мүмкіндіктерін көрсете отырып, оның авариялық-құтқару бөлімшелері мен арнайы техниканың орналасқан жерін нақты уақыт режимінде бақылауға, сондай-ақ оқиғаларға әрекет ету уақытын айтарлықтай қысқартуға септігін тигізетінін атап өтті. Бұдан бөлек, тараптар өнеркәсіптік нысандардағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың салдарларын жою тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзара пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар халықты және стратегиялық нысандарды қорғау саласындағы серіктестікті одан әрі нығайту жөнінде уағдаласты.









