1 / 3
2026 жылғы 29 қазанда Қостанай облысы Әділет департаментінің өкілі консультативтік көмек көрсету мақсатында Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысына қатысты.
Кеңес отырысы барысында заңды тұлғаны тіркеу әрекеттері мәселелері бойынша құқықтық, практикалық және консультативтік көмек көрсетілді, заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы қолданыстағы заңнаманы сақтау туралы талаптар түсіндірілді.
Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі









