«Көркем еңбек сабақтарында жобалық оқыту әдістерін қолдану арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту» облыстық семинары

    1 / 13

    «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 28 қазанында, Өскемен қаласы бойынша көркем еңбек пәні мұғалімдерінің тәжірибесін тарату мақсатында «Көркем еңбек сабақтарында жобалық оқыту әдістерін қолдану арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту» облыстық семинары өтті.

    Семинарға облыстың көркем еңбек пәні мұғалімдері және білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.

    Семинар басталғанға дейін Өскемен қаласы бойынша көркем еңбек пәні мұғалімдері мен оқушылардың қолөнер жұмыстарынан көрме және «№40 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ заманауи жабдықталған көркем еңбек кабинеттеріне экскурсия жасалып оқушылармен практикалық жұмыстар көрсетілді.

    Іс-шара барысында педагогтер төмендегі тақырыптарда шеберлік сыныптар, практикалық, жобалық жұмыстар көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті: «Разработка кейс-заданий для формирования проектных умений у школьников в сфере дизайна»; «Құрғақ жүн басу»; «Батик өнері. Түйінді батик орындау»; «Психологические фишки: 5 минут для себя»; «Шығармашылық шеберхана: мұғалімнен мұғалімге сурет салудың қыр-сыры»; «Қазақи нақыштағы этно түйрегіштер».

    Қатысушылар семинар жұмысына жоғары баға беріп, жақсы пікірлер қалдырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары