2026 жылғы 29 қазанда Шығыс Қазақстан облысында «Қазақ уикипедиясын дамыту: тіл және цифрлық қоғам» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.
Оқыту семинарының мақсаты – қазақ тіліндегі сапалы контент көлемін арттыру, мемлекеттік тілдегі ақпараттық ресурстарды дамыту және қатысушыларға Wikipedia ашық энциклопедиясына мақала әзірлеу мен жариялау дағдыларын үйрету.
Оқыту семинарына аудан-қалалардағы тіл саясатын іске асыруға жауапты мамандар мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Семинар барысында Wikipedia энциклопедиясының жұмыс істеу қағидаттары түсіндіріліп, мақала дайындау, ақпаратты жүйелеу және оны энциклопедияға жариялау тәсілдері практикалық тұрғыда көрсетілді.
Оқыту семинары қатысушылардың қазақ тіліндегі цифрлық контентті әзірлеу дағдыларын жетілдіруге және мемлекеттік тілдегі ақпараттың интернет кеңістігінде кеңінен таралуына ықпал етуге бағытталды.








