2026 жылғы 28 қазанда Ұлытау облысының Әділет департаменті «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында адвокаттар мен жеке сот орындаушылардың қатысуымен “Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің кешкі мектебі” педагогтері мен қызметкерлеріне “Әділет кеңес береді” акциясы өткізілді.

    1 / 3

    Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, сот актілеріне апелляциялық тәртіппен шағымдану тәртібі, сондай-ақ сот билігінің тәуелсіздігі қағидаттары түсіндірілді.

    Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қолданыстағы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша құқықтық түсіндірмелер мен консультациялар алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының Әділет департаменті" жаңалықтары