Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында күзгі каникул кезінде педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында дәстүрлі каникулярлық мектеп жұмысы басталады. Осы бағыттағы маңызды шаралардың бірі ретінде «МОДО, PISA және аралық аттестацияға дайындық» секциясы аясында облыстық деңгейде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онлайн-семинар өтті.
Мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдері мен әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын (оқу, математикалық және жаратылыстану) дамытуда тиімді әдіс-тәсілдер мен практикалық тәжірибемен бөлісу және білім алушыларды Білім беру жетістіктерін мониторингілеуге (ББЖМ/МОДО) сапалы дайындау.
Семинар барысында Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің үздік бастауыш сынып мұғалімдері Г.Т. Мырзаканова, Г.К. Уалканова, А.Б.Нурмухантбетова, А.Е. Бейсекина, Н.С. Ибраимова, А.Нурсапарова өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл шара бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруға және білім беру сапасын бағалаудың мемлекеттік мониторингіне (ББЖМ) тиімді дайындалу жолдарын ортаға салуға бағытталған маңызды кәсіби алаң болды.









