Қазақстан мен Кувейт сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуда

    1 / 2

    Кувейт Мемлекетіне жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарыАрманИсағалиевКувейттің тікелей инвестицияларды ынталандыру басқармасының (KDIPA) Бас директоры шейхМишаальАс-Сабахпенжәне кувейттік ірі кәсіпкершейха Ухуд Ас-Сабахпенкездесті.

    KDIPA басшылығымен өткен кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, азық-түлік қауіпсіздігі және агроөнеркәсіптік сектордағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударды.

    Қазақстан тарапы елдің ауыл шаруашылығы саласындағы экспорттық әлеуетін таныстырып, Кувейттің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және сапалы өнімді тұрақты әрі ұзақ мерзімді жеткізуге елеулі мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені атап өтілді.

    Кувейт тарапы одан әрі практикалық қадамдарды пысықтауға мүдделілік білдірді. Тараптар Қазақстан өндірушілерінің мүмкіндіктерімен танысу мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттау саласында жұмыс істейтін мүдделі кувейттік компаниялар өкілдерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға жәрдемдесуге уағдаласты.

    Шейха УхудАс-Сабахпен кездесу барысында қазақстандық ет өнімдерін Кувейтке жеткізуді кеңейту перспективалары талқыланды. Кувейт тарапы оның командасының бұған дейін Қазақстанға жасаған сапарының нәтижелерін оң бағалап, оның барысында қазақстандық өндірушілермен тікелей байланыстар орнатылғанын атап өтті және жақын арада қазақстандық ет өнімдерін Кувейтке жеткізуді бастауға мүдделілік білдірді.

    Өз кезегінде Министрдің орынбасары Қазақстанның отандық өндірушілер мен кувейттік бизнес арасындағы тікелей ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін растады.

    Тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіліктерін растады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" жаңалықтары