Әлеуметтік желідегі әдепсіз әрекеті үшін шымкенттік үш тұрғын жауапқа тартылды

    Қоғамдық тәртіпті бұзу жайттары үшін жауапкершілік көзделгені туралы ескертулерге қарамастан, әлеуметтік желілерде мұндай құқық бұзушылықтар әлі де тіркелуде.


    Мәселен, интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында полицейлер Шымкенттің үш тұрғыны тікелей эфирде бейәдеп сөздер айтып, айналасындағыларға ашық құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған бейнежазбаны анықтады.


    Құқық бұзушылардың жеке бастары анықталды. Олар - 19 жастағы Жанерке Қалдыхан, 18 жастағы Балжан Утарбаева және 20 жастағы Камила Бекжан.
    Үшеуі де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар Камила Бекжанға қатысты тыйым салынған орында қорқор тұтынғаны үшін де тиісті шара қабылданды.


    Сот шешімімен Балжан Утарбаева мен Жанерке Калдыханның әрқайсысы 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Ал Камила Бекжанға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.


    Полиция ескертеді: әлеуметтік желілерді қоса алғанда, кез келген қоғамдық ортада белгіленген тәртіп пен әдеп нормаларын сақтау міндетті. Әрбір құқық бұзушылыққа заң аясында тиісті құқықтық баға беріледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары